Өзбекстан қай елдерге ең көп автокөлік экспорттағаны белгілі болды
Қазақстан, Украина және Ресей елдері Өзбекстанның негізгі автокөлік экспорттайтын мемлекеттері.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәлімдемесіне сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстан жеңіл автокөліктің ең көбін Қазақстанға экспорттаған – 28 651 дана. Одан кейінгі орындарда Украина (744) мен Ресей (448) тұр.
Жалпы статистика бойынша, Өзбекстан 2021 жылда мына елдерге автокөлік экспорттаған:
- Әзірбайжан – 253;
- Ауғанстан – 128;
- Тәжікстан – 72;
- Қырғызстан – 30.