Өзбекстан қарбызы: Қазақстан, Қырғыстан және Ресейге көптеп экспортталуда
Өзбекстан даласында өсірілген қарбыз негізінен үш елге, Қазақстан, Қырғыстан және Ресейге көптеп экспортталуда.
2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстан 14 елге құны 3 миллион АҚШ долларын құрайтын 6,5 мың тонна қарбыз экспорттады.
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қарбыз экспортының көлемі 1,8 мың тоннаға өскен.
2023 жылдың 6 айында Өзбекстан ең көп қарбыз экспорттаған елдердің ішінде Қазақстан мен Қырғызстанды көш бастап тұр –2 мың тонна.
Бұл көрсеткіш қалған елдер үлесінде мынадай:
— Ресей – 1,5 мың тонна;
— Латвия – 500 тонна;
— Литва – 135 тонна;
— Германия – 115 тонна;
— Беларусь — 34 тонна.