Өзбекстан қант өндірісінің көлемін ұлғайтты
Өзбекстанда қазан айында 52,4 мың тонна қант өндірілді.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстан Республикасының ірі кәсіпорындарында 544,5 мың тонна қант өндірілді.
Қант өндіру көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5 пайызға өскен.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан 10 шет елден 48,6 мың тонна қант импорттаған.