20 қазан күні Ташкент қаласы мен облысында Өзбекстан Президенттігіне кандидаттар сайлаушылармен кездесу өткізеді.
Атап айтқанда, бүгін Экологиялық партиядан президенттікке кандидат Нарзулла Обломуродов Ташкент облысының сайлаушыларымен кездессе, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан президенттікке үміткер Бахром Абдухалимовпен Ташкент қаласының сайлаушыларымен кездесу өтеді.
Сайлаушылармен кездесулер үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсына отырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беремек.
Еске сала кетейікғ кеше 19 қазан күні Өзбекстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар Халық демократиялық партиясынан Мақсуда Ворисова, Өзбекстан либерал-демократиялық партиясынан Шавкат Мирзияев және «Милли Тикланиш» демократиялық партиясынан Әлішер Қадыров Ташкент қаласында сайлаушылармен кездесу өткізген болса, Демократиялық партиядан президенттікке кандидат Бахром Абдухалимов Сырдария ауданының сайлаушыларымен кездесті.
Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы 2021 жылдың 24 қазан күніне белгіленген.