Өзбекстан Президенттігіне кандидаттар Сұрхандария, Хорезм, Қашқадария және Науаи облыстарында сайлаушылармен кездесулер өткізді.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, маусымның 13-і күні Сұрхандария облысындағы Халықтық-демократиялық партиясынан үміткер Улугбек Иноятов, Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан президенттігіне кандидат Шавкат Мирзиёев Хорезм облысында, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Робахон Махмудова Қашқадария облысында, Өзбекстанның Экологиялық партиясынан президенттікке кандидат Абдушукур Хамзаев Науаи облысында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Өзбекстан президенттігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі бүгін де жалғасуда.
Кездесулер барысында кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруде және оларды сайлау мен елдің болашақ тағдырын шешу үдерісіне белсенді қатысуға шақыруда.
Еске сала кетейік, Өзбекстандағы кезектен тыс Президенттік сайлау 2023 жылдың 9 шілде күні өтеді.