Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президентіне Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы — «Nishan-e-Pakistan» ордені табысталды
16:10 / 2026-02-06

«Айван-е-Садр» резиденциясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевті «Nishan-e-Pakistan» марапаттау рәсімі өтті.

Президент Асиф Али Зардари Өзбекстан басшысна Пәкістанның ең жоғары наградасын салтанатты түрде табыстады.

Атаулы жоғары марапат – екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы табанды еңбектің лайықты бағасы әрі Өзбекстан халқына деген достық ықылас пен терең құрметтің айқын көрінісі екені атап өтілді.

Өзбекстан – Пәкістан стратегиялық серіктестігі мазмұн жағынан жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірілді.

Айта кету керек, бұл жоғары награмен әр жылдары Ұлыбритания Королевасы Елизавета II, АҚШ Президенті Ричард Никсон, Оңтүстік Африка Республикасы Президенті Нельсон Мандела, Тайланд Патшасы Пхумипон Адульядет, БАӘ Президенті Шейх Заид бен Султан Әл-Нахаян, Қытай Халық Республикасы Төрағасы Ху Цзиньтао, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман және басқалар марапатталған.