Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президентінің жұмыс сапары аяқталды
19:04 / 2024-10-24

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазан қаласына жасаған іс-шараларға бай жұмыс сапары өз мәресіне жетті.

Сапар бағдарламасы аяқталғаннан кейін, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды. Әуежайда мәртебелі мейманды Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Өзбекстан Президенті «БРИКС плюс» саммитінің жалпы отырысында тұрақты даму жолындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған маңызды бастамаларды көтерді.

Саммит аясында Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах ас-Сиси, Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди, Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Фам Минь Тинь, Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов, Жаңа даму банкінің президенті Дилма Русеф, «Сбербанк» басқармасының төрағасы Герман Грефпен кездесу және келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар, Өзбекстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Татарстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапаттау рәсімі өтті.