Өзбекстан Президентінің Сауд Арабиясына сапары басталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Сауд Арабиясына мемлекеттік сапарының алғашқы мекені – қасиетті Мәдина қаласына келді.
Мемлекет басшысын Ханзада Мұхаммед бен Әбделазиз атындағы халықаралық әуежайда Медина аймағы басшылары қарсы алды.

Шағын әңгімелесуден кейін Шавкат Мирзияев мұсылмандардың қасиетті киелі орындарының бірі – Масжидун Набавиге жол тартты.



