Өзбекстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Дохадағы «Амири Девон» кешенінде мемлекеттік сапармен Қатарға барған Өзбекстан Республикасы Президентін ресми қарсы алуға арналған салтанатты шара өтті.
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевті Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Сони қарсы алды.
Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.



Мемлекет басшылары құрметті қарауылдың алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін қарсы алды.
Салтанатты рәсімнен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.





