French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
19:10 / 2026-01-29

Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Ақсарай резиденциясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысын Түркия Республикасының Президенті Режеп Таййип Ердоған қарсы алды.

Алаңда мәртебелі мейманның құрметіне құрмет қарауылы сап түзеді. Президенттер Шавкат Мирзиёев пен Режеп Тайып Ердоған мінберге көтерілді. Әскери оркестрдің орындауында екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Көшбасшылар құрмет қарауылының алдынан өтіп, ресми делегациялар мүшелерімен сәлемдесті.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы келіссөздері өтіп жатыр. Тараптар Өзбекстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін талқылауда.