Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
12:02 / 2024-08-08

8 тамыз күні Ақорда резиденциясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Екі елдің көшбасшылары құрметті қарауыл сапының алдынан өтті. Бірге суретке түсті.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшыларының шағын құрамда келіссөздері өтуде. Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылап жатыр.