Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жағаған сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Астана қаласына жасаған жұмыс сапарын аяқтап, Ташкентке ұшып кетті.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов шығарып салды.
Бүгін «Орталық Азия – Германия» саммиті аясында өткен іс-шараларда Өзбекстан Президенті аймақ елдері мен Германия арасындағы көпжақты және практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған маңызды ұсыныстар мен бастамалар көтерді.





