Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президентінің Олий Мажлиске және халқымызға Жолдауы басталды
11:27 / 2025-12-26

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Олий Мажлиске және көпұлтты Өзбекстан халқына дәстүрлі Жолдауы басталды.

Мемлекет басшысы өз сөзін кейінгі жылдарда ел өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге тоқталудан бастады.

— Кейінгі тоғыз жылда біз ел-жұртымызбен бірге ауқымды әрі тағдырлы даму жолынан өттік. Экономикамыз жаңаша қалыптасты, нарықтық қатынастар тереңдей түсті, әлеуметтік қорғау жүйесі кеңейіп, заң үстемдігі біртіндеп нығая түсті. Ең бастысы, жүргізілген реформалардың нақты нәтижесін бүгін әрбір махалла, әрбір отбасы және әрбір азамат күнделікті тұрмысында сезініп отыр, — деді Президент.

Мемлекет басшысы реформалардың енді қағаз жүзіндегі бастама емес, өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

— Біз өзгерістерді нақты практикалық нәтижеге ұластыруды үйрендік. Мұның айқын көрінісін жаңарған қалалар мен түлеген ауылдардан, заманауи кәсіпорындардан, сауда және сервис нысандарынан, мектептер мен балабақшалардан, ауруханалардан, абаттандырылған көшелер мен махаллалардан, көлік-логистика жүйесі мен цифрлық қызметтерден анық байқауға болады, — деді Шавкат Мирзиёев.

ӨзА