Өзбекстан Президентінің Мысырға сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің Мысырға екі күндік ресми сапары нәтижелі болды.
Сапардың екінші күні Президент Абдулфаттах әс-Сисимен келіссөздер жүргізілді. Соңында Мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдап, екі елдің министрліктері мен ведомстволары арасында құжаттарға қол қойылды.
Президенттер БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.
Сапар бағдарламасындағы іс-шаралар аяқталғаннан кейін жоғары мәртебелі мейманды Мысырдың Сауда және өнеркәсіп министрі Ахмед Салех және басқа да ресми тұлғалар Каир әуежайында шығарып салды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.