English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президентінің Мысырға ресми сапары басталды
19:57 / 2023-02-20

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев ресми сапармен Каир қаласына келді.

Мемлекет басшысының сапарына байланысты Мысыр астанасының халықаралық әуежайында екі елдің туы көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.

Өзбекстан басшысын Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах ас-Сиси қарсы алып, жылы лебізін білдірді. Мемлекет басшыларының қысқаша кездесуі өтті.

Мемлекет басшысы бүгін Каирде ұлы ғұлама Ахмад Ферғани тарапынан салынған «Микйас Нил» нысанында болып, Мысыр өркениетінің ұлттық мұражайымен танысады. Осы елдің жетекші компаниялары мен қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесу өтеді.

Сапардың негізгі шаралары, оның ішінде жоғары деңгейдегі келіссөздер ертең, 21 ақпанға жоспарланған.