Өзбекстан Республикасы Президентінің «Олий Мажлиске» кезекті Жолдауы 29 желтоқсанда өтеді.
2017 жылдан бері дәстүрге айналған шара алдағы жылға арналған негізгі индикаторларды, жаңа жылға арналған мақсат-міндеттерді айқындайды. Сондықтан да бұл маңызды шараны ел тұрғындары үлкен қызығушылықпен күтеді.
Президент Шавкат Мирзияевтің кезекті Жолдауы 29 желтоқсан күні сағат 11: 00-де басталады. Онда биыл қол жеткізілген нәтижелер, «Ғылым мен сандық экономиканы дамыту жылы» Мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтылады. Сонымен қатар келесі жылға атау беріліп, Өзбекстанды одан әрі дамытудың маңызды міндеттері, ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттары айқындалады.
Мемлекет басшысының бұл жолғы Жолдауында да көптеген ұсыныстар жасайды деп күтілуде.
Осынау беделді конференция Ташкенттегі Халықаралық конгресс орталығында өтетін болып, оған Сенат өкілдері мен Заң шығару палатасының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары және қоғам өкілдері қатысады.
Президент Жолдауы 15 телеарнада тікелей эфирде, Өзбекстан Республикасы Президентінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде онлайн режимінде көрсетіледі.