Өзбекстан Президентінің атына құттықтаулар
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев атына 24 қазанда өткен сайлауда Мемлекет басшысы болып қайта сайлануына байланысты шетел басшыларынан құттықтаулар келуде.
Құттықтау хаттарында Мемлекет басшысына жаңа табыстар мен Өзбекстан халқына бейбітшілік пен өркендеу жолында жаңа табыстар тіленгені баяндалады.
Атап айтсақ, құттықтау жолдағандар қатарында:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров
Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко
Құттықтаулар келуі жалғасуда.