Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президентінің ресми кездесулері басталды
09:42 / 2019-12-18


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Жапонияға жасаған ресми сапарының бағдарламасын 18 желтоқсан таңертең Айчи префектурасының губернаторы Хидэки Омурамен және Нагоя қала мэрімен кездесуден бастады.

76798a2f-dd76-a7f8-813b-4fbc4a1ae4b8.jpg 

Ең алдымен Айчи префектурасының губернаторы Хидэки Омурамен сұхбат кезінде Өзбекстан мен Айчи префектурасы арасындағы білім және мәдениет саласында тиімді байланыс орнағаны айтылып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және инновация, индустрия, ауыл шаруашылығы және бірлескен шаруашылық кластерлерін құру, туризм және академиялық алмасулар саласындағы нақты жобаларды алға жылжыту үшін мүмкіндіктер бар екендігі айтылды. Осы кездесуде Өзбекстан тарапы Ташкент облысын Айчи префектурасының сенімді серіктесі етіп белгілеп, екі қала арасында әуе қатнаулары мен ынтымақтастықтың ыңғайлы оң серпін берер барлық бағыттарын анықтауға мақұлдасты. 

faae8bbe-04d5-3e8e-e798-383dce919bbc.jpg 

Ресми сапармен Нагоя қаласында болып тұрған Президент Шавкат Мирзияев атаулы қаланың мэрі Такаси Кавамурамен кездесіп, Ташкентте өткен жылы кездесудегі айтылған келісімдерді жүзеге асыру жөнін талқылады. 

93994cf2-581b-0ae3-fea9-ac8889c15501.jpg 

Кездесуде, негізгі мәселелер жөнінде 2020 жылда көзделген бірлескен іс-шаралар «Жол картасын» жасауға келісіп, Ташкент әкімдігі және Нагоя мэриясы арасында ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойылды. 

Бұл келісімдер арқауында алдағы уақытта Ташкент қаласында Нагоя жоғары технологиялар паркін құру мен экономика, өнеркәсіп, көлік, білім, туризм және басқа да басым бағыттардағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.