Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Жапония Премьер-министріне көңіл айтты
23:01 / 2020-07-07

Мемлекет басшысы табиғи апаттан қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Жапонияның Кумамото және Кагосима префектураларында табиғи апаттар салдарынан көптеген адамдардың қайтыс болуына байланысты Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айтып жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы апаттан қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.