Өзбекстан Президенті өзбекстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Құрметті отандастар!
Осы қуанышты сәттерде сіздердей қымбатты, көпұлтты бүкіл халқымызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін!
Аяқталып кележатқан жыл еліміз үшін ұмытылмас оқиғаларға толы болды. Біз түрлі сынақтар мен қиыншылықтарды да бастан өткіздік.
Халқымыздың жанқиярлық еңбегінің арқасында «Белсенді инвестициялар және әлеуметтік даму жылы»нда үлкен жетістіктерге жеттік. Еліміздің әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа қадамдар жасалды.
Экономикамыздың жетекші саласы мен жүйелері қарқынды дамуда үстінде. Заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындармен жабдықталған кәсіпорындар, жаңа көлік жүйелері іске түсірілуде.
Диқандарымыз бен фермерлеріміз, ауа-райының қолайсыздығына қарамай мол өнім алды.
Шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікке кең жол ашылды.
Биылға жыл барысында өңірлерде халық үшін, әсіресе жастар мен қыз-келіншектер үшін көптеген жаңа жұмыс орындары ашылды.
Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде қала мен ауыл және мемлекеттің келбеті түптен өзгеруде.
2019 жылы мыңдаған отандасымыз, оның ішінде аз қамтылған отбасылар жайлы үймен қамтамасыз етілді.
Ғылымдағы, білімдегі және тәрбие саласындағы түптен бетбұрыс дәуірі басталды.
Жаңа балабақшалар мен мектептер, университеттер, жетекші шетелдік университеттерінің филиалдары, ауруханалар, мәдени және спорт нысандары салынуда.
Ең бастысы, халқымыздың өмір сүру деңгейі, олардың Отан тағдырына деген сезімі, болашаққа деген сенімі күн өткен сайын артып келеді.
Қоршаған ортамызда демократия қағидасы, ашықтық және еркіндік аурасы терең бой түзеп келеді.
Күні кеше Жоғары Мәжіліс және жергілікті Кеңестерге өткен сайлаулар осының айқын бейнесі. Сайлаулар Өзбекстанның демократиялық даму жолынан артқа қайтпауын тағы бір мәрте дәлелдей түсті.
Тәуелсіздігіміз, бейбіт өміріміздің кепілі болып табылатын Қарулы Күштердің әскери әлеуеті күшейтілуде.
Бейбіт және оңтайлы сыртқы саясат жүргізіп кележатқан еліміздің халықаралық аренадағы беделі артып келеді.
Қысқаша айтқанда, 2019 жыл жаңа Өзбекстан тарихында әр тараптама жарқын із қалдыруда.
Құрметті отандастар!
Біз ұлттық өркендеудің маңызды кезеңіне қадам қоюдамыз.
2020 жылда да экономикалық және әлеуметтік салаларда ауқымды реформаларымызды белсенді түрде жалғастырамыз.
Жеке мүлік, кәсіпкерлік және бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударамыз. Жалақымызды, зейнетақымызды, стипендиялар мен жәрдемақыларды, сондай-ақ халықтың нақты ақшалай кірістерін арттыру ең басты назарымызда болады.
Азаматтарымыздың өмір сүру жағдайын жақсарту, коммуналдық-материалдық қызмет сапасын жақсарту, қол жетімді баспана салу жөніндегі жұмыстарды одан әрі кеңейте түсеміз.
Перзенттерімізге лайықты білім мен тәрбие беруге, олардың қабілеті мен таланттарын жүзеге асыру үшін барымызды саламыз.
Халықтың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысымыз жаңа деңгейге көтеріледі.
Құрметті ардагерлерімізбен мейірбан әпке-сіңілдерімізге көбірек көңіл бөлуді арттырамыз.
Әлеуметтік қорғау және қолдауға мұқтаж отандастарымызды тұрақты қолдап-қуаттауға жоғары деңгейде назар аударамыз.
Бейбітшілік пен тұрақтылықты, қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімді орнату негізгі міндетіміз болып қала береді.
Осыған байланысты біз халықаралық қауымдастықпен, ең алдымен, жан көршілерімізбен оңтайлы ынтымақтастығымызды әр тараптама күшейтеміз.
Қымбатты отандастарым!
2020 жыл әр отбасына және әр бір шаңыраққақұт-береке, бақыт және сәттілік әкелсін!
Барлық ізгі мақсаттарымыз орындалсын!
Өзбекстан гүлдене берсін!
Жаңа жыл барлықтарыңызға құтты болсын!
Шавкат МИРЗИЯЕВ,
Өзбекстан Республикасы Президенті