Өзбекстан Президенті Қытай делегациясын қабылдады
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары
2 наурызда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанға жұмыс сапармен келген Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюро мүшесі, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер басқармасының бастығы Ян Цзечи бастаған делегацияны қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы бүгінгі күннің Өзбекстан мен Қытай арасындағы достық және жан-жақты стратегиялық серіктестік тығыз байланысты екенін айттты.
Жоғары мәртебелі мейман Президентке жылы қабыл үшін алғыс білдіріп, Си Цзиньпиннің Өзбекстан Президентінің атына жолдаған жеке хатын табыстады. Хатта соңғы жылдардағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейге жеткені жайлы жазылған болып және жаңа түрдегі коронавирустың тарауына қарсы күресте көрсетілген көмек үшін ризашылық білдірілген.

Көп жақты Өзбекстан мен Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланған осы кездесуде энергетика, мұнай-газ, химия, тоқыма, ауылшаруашылық және экономиканың басқа салалары мен инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы басым жобаларды бірлесіп әзірлеу мен іске асыруды жалғастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа құрылымдар шеңберіндегі сындарлы үнқатысуды нығайту, сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ілгерілетудегі ынтымақтастық туралы пікір алмасты.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.