Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Венгрия делегациясын қабылдады
14:21 / 2020-02-18

Қазіргі кезде екі ел арасында түрлі тиімді ынтымақтастық орнап, тауар айырбастау алдыңғы жылдарға қарағанда 45 пайызға артқан


18 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Үкіметаралық Бірлескен Комиссияның кезекті отырысын өткізу үшін жұмыс сапарымен Өзбекстанға келген Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто бастаған делегацияны қабылдады.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Венгрия арасындағы дәстүрлі достық және жан-жақты серіктестік қатынастар соңғы жылдары тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.


Қазіргі кезде екі ел арасында түрлі тиімді ынтымақтастық орнап, тауар айырбастау өткен жылдарға қарағанда 45 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, фармацевтика және басқа да салаларда бірлескен жобалар жүзеге асырылу мен қатар білім беру, мәдени және туристік алмасулар кеңеюде.

Өз кезегінде Петер Сийярто осындағы жылы қабыл үшін Шавкат Мирзияевқа алғыс айтып Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесуде екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың және Еуропалық Одақпен диалог форматындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Венгрияның жетекші компанияларының озық тәжірибесі мен үздік технологияларын қолдану арқылы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мен қаржыландыруға ерекше назар аударылды.

Өңіраралық қатынастарды дамыту, банк және көлік саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру, жоғары білікті мамандар даярлау перспективалары талқыланды және алдағы өтер кездесулердің күн тәртібі де қаралды.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.