Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Тәжікстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
12:58 / 2020-10-12

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Тәжікстан басшысын кеше өткен Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап оған бауырлас тәжік халқының өркендеуі мен гүлденуі жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Әнгімелесу барысында тараптар Өзбекстан мен Тәжікстан достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылап, екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды уақытында жүзеге асырудың, Үкіметаралық комиссияның шешімдерін орындауда және болашақ кездесулердің жаңа күн тәртібін әзірлеудің маңыздылығын сөз етті.

Сондай-ақ, тараптар аймақтық ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикалары Президенттерінің Қырғыз Республикасындағы жағдай туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Сұхбат соңында елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді және кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға екі тараптың да бел буғаны сенімді түрде айтып өтілді.