Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Түркия Республикасының Президенті жанындағы Халық кітапханасының ашылу салтанатына қатысты
21:06 / 2020-02-20

Атаулы кешен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен салынған


Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Анкараға жасаған сапары аясында Түркия Республикасының Президенті жанындағы Халық кітапханасының ашылу салтанатына қатысты.

Бұл кешен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен салынған болып, кітапхана кітап қоры мен (4 миллионнан астам тираж бен 120 миллионнан астам электронды файл) қызмет көрсету бойынша әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі. 


Ашылу салтанатына жер-жаханның 2000-ға жуық қонақ қатысып онда ғалымдар, жазушылар, білім және мәдениет өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен Түркия Президенті шақырған жоғары деңгейдегі қонақ ретінде Шавкат Мирзияевта қатысты.

Мемлекет басшысы осындай маңызды және қызықты шараға шақырғаны үшін алғыс білдірді және түрік халқын осы мерекемен құттықтап, «Әлемдегі кез-келген ел, әрбір халық, ең алдымен өзінің зияткерлік әлеуеті және жоғары руханиятымен құдіретті. Мұндай жеңілмес қуаттың қайнар көзі ең алдымен адамзат ақыл-ойының ұлы жаратылысы - кітап пен кітапханаларда, - деді Президент.


Биыл ұлы ойшылдар Абдухолиқ Гиждуваний мен Бахоуддин Нақшбандтың туғанына және Махмудхожа Бехбудийдің туғанына 145 жыл толуына орай мерейлі шаралар өтетін болып, сонымен қатар Бұхараның ислам мәдениетінің астанасы, Хиуаның түркі әлемі мәдениетінің астанасы болып жариялануына байланысты бірнеше халықаралық конференциялар өткізу жоспарлануда. Президент түрік ғалымдарын, әдебиеттанушылар мен дінтанушыларды осы мәдени шараларға қатысуға шақырды.