Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Түркі тілдес елдер кеңесінің арнайы саммитіне қатысты
21:12 / 2020-04-10

Бейнесаммиттің күн тәртібіндегі мәселе әлемдік пандемия мәселесіне арналды


10 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайту және күш-жігерді біріктіру мақсатында бейнеконференция түрінде өткен Түркі тілдес мемлекеттерінің төтенше саммитіне қатысты.


Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің төрағалығымен өткен шараға Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтен бөлек Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан және Кеңестің Бас хатшысы Бағдат Әміреев пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейсус қатысты.

Жиынның күн тәртібіндегі тақырыбына сай тараптар пандемиямен күрес бойынша қабылданған басым шаралар туралы пікір алмасып, эпидемиологиялық бақылауды, халықтың әлсіз топтарын қорғауды, экономика мен бизнес салаларын қиын тұста қолдауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған кешенді шаралар туралы мәліметтермен бөлісті.

Бейнесаммит аясында коронавируспен күрестегі ең озық тәжірибемен алмасу үшін тығыз жұмыс жасау, сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-коммуникация саласындағы бірлескен жобаларды үйлестіру мен қолдау маңызды екендігі айтылды.

Әлемдік пандемияның күн сайын кұһүрт асқынуы жөнінде сөз қозғаған Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев ең алдымен инфекцияның таралуын болдырмау, денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін нығайту, экономиканың негізгі секторлары мен салыстырмалы осал салалары үшін әсерлі салдарын азайту, ашық халықаралық үнқатысуды орнату бойынша тиімді және кешенді шараларды әзірлеудің маңыздылығын айтып өтіп, Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес жұмыстары бойынша бұрын-соңды болмаған тәжірибемен бөлісті. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары мен талаптарына сәйкес енгізілген карантиндік шаралар туралы еді.


Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралу салдарымен тиімді күресудің пайдалы практикалық шараларын қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы бірқатар нақты ұсыныстарын былай нақтылады:

- Түрік Кеңесі жанындағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау, талдау және болжаудың тұрақты жүйесін құру;

- қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алу, диагностикалау және емдеу саласында тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін денсаулық сақтау министрліктері мен жетекші медициналық мекемелер арасында тығыз ынтымақтастық орнату. Осы мақсатта жақын болашақта жетекші мамандармен алғашқы бейнеконференция өткізу;

- Түрік Кеңесі Хатшылығының үйлестіру функцияларын күшейту және пандемиямен күрес жөніндегі ұлттық штабпен тығыз практикалық байланыс орнату үшін тиісті топ құру;

- көлік инфрақұрылымы мен коммуникациялардан барынша толықтай пайдалану, жүктерді тасымалдауда және олардың шекарадан өтуін жеңілдетілген түрде өткізуде практикалық көмек, мүше елдердің көлік министрлерінің басшылығымен жұмыс тобын құру арқылы барлық мәселелерді жедел шешу;

- пандемия зардаптарын азайтуға кең түрде халықаралық көмек тарту, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәртебесі мен мандатын одан әрі жоғарылату, ДДСҰ мен Түрік Кеңесі арасында серіктестік қатынастар орнату.

Мемлекет басшысы өз сөзінің соңында: «Баршамызға белгілі болғандай, белгілі бір мемлекет жеке түрде бұл пандемияға қарсы тиімді күрес жүргізе алмайды. Бір бірлесе, ынтымақтаса, өзара қамқорлық қағидаты негізінде жұмыс істеу керекпіз. Бір бір болсақ көп нәрсеге қол жеткізе аламыз», деді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің барлық ұсыныстары мен бастамалары Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төтенше саммитінің қорытынды құжатында - Баку декларациясында көрсетіліп, осынау маңызды құжат Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездесуі кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың саяси және құқықтық негізі ретінде қызмет етеді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.