Өзбекстан Президенті Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
Президент Шавкат Мирзияев 15 қыркүйекте Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Алексей Оверчукті қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 15 қыркүйекте Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Алексей Оверчукті қабылдады, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Кездесу басында Шавкат Мирзияев коронавирустық инфекцияның жаһандық таралуынан туындап жақан заманауи қауіп-қатерлерге қарамастан, екі ел арасындағы белсенді диалог жалғасып жатқаны және көп қырлы Өзбекстан – Ресей ынтымақтастығының қарқыны сақталып отырғандығын ерекше атап, осынау қиын кезең коронавирус пандемиясына қарсы күресте тығыз және тиімді ынтымақтастық жалғасып тұрғанын баса айтты.
Өз кезегінде Ресей Премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук кездесу өткізуге мүмкіндік бергені үшін Шавкат Мирзияевқа алғысын білдіріп, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Премьер-Министр Михаил Мишустиннің құттықтаулары мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесуде тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады және экономикалық қатынас бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды дайындауға, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге, екі мемлекет аймақтары арасындағы практикалық байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің күн тәртібін жаңа мазмұнмен байыту үшін бірлескен басым бағдарламалар мен жобаларды жеделдетудің маңыздылығы айтылып, Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы ынтымақтастығы және ТМД аясындағы тығыз диалогты жалғастыру туралы сөз болды.

