Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Нагоя қаласы мэрін қабылдады
20:01 / 2019-12-12

Бүгінгі кездесу Өзбекстан делегациясының Жапонияға ресми сапары қарсаңында екендігі айтылды.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 12 желтоқсанда Өзбекстанда сапармен болып тұрған Жапонияның Нагоя қаласының мэрі Такаши Кавамураны қабылдады.

Кездесу кезінде Мемлекет басшысы Жапониямен арадағы достық пен стратегиялық серіктестік байланыстар қарқынды дамып келе жатқаны жайлы айтып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, банк-қаржы, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кеңейгенінде жеткізді. Бүгінгі кездесу Өзбекстан делегациясының Жапонияға ресми сапары қарсаңында екендігі айтылды.


Сұхбат аясында әнгіме ауқымды түс алып, автокөлік өндірісі, қала құрылысы, тоқыма, жоғары технологиялар, инновациялар, туризм және басқа салаларда тығыз іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігі талқыланып, Ташкент пен Нагоя арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатыны, сондай-ақ Ташкентте жоғары технологиялық парк құру жөніндегі жобаның іске асырылуы ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететіні айтылды.

Осы жобалар арқасында Нагоя, Өзбекстан мен Жапония арсындағы ынтымақтастық көпіріне арқау боларлы мәнде кездесу мен келешегі зор бағдарламалар мен жобаларды ілгерілету үшін жол картасын әзірлеуді мақұлдасты.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.