Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті мен Қырғызстан Президенті телефон арқылы сөйлесті
16:38 / 2019-12-30

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары


30 желтоқсан күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев және Қырғызстан Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесіп, келе жатқан жаңа 2020 жылмен бір-бірлерін құттықтап, шын жүректен ізгі тілектерін білдірді.

Әңгіме барысында, 2019 жылды қорытындылай келе осы жылда екі ел арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікті нығайтудағы маңызды кезең болғандығы мен қарым-қатынастар жандана түсіп, сауда көрсеткіштері артып, өнеркәсіптік және көлік саласындағы ынтымақтастық жобалары іске қосылды және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аймақта кеңейе түскені жайлы сөз айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшылары Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші кездесуінің нәтижелерін жоғары бағалап, Өзбекстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығы жөніндегі перспективалары жайында және 2020 жылға арналған екіжақты іс-қимыл жоспарын талқылады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.