Өзбекстан Президенті мен Еуропа кеңесінің Президенті телефон арқылы сөйлесті
Сұхбат барысында Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
Бүгін, 20 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Еуропа кеңесінің Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы алғашқы орында саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, соңғы жылдары серіктестік қарқынды дамып, түрлі деңгейлердегі алмасулар күшейгендігі зор ынтамен атап өтілді.
Адам капиталы және азаматтық қоғам институттарын, ғылымды, мәдениетті және білім беруді дамыту бойынша диалог сәтті орындалып ерекше қошеметке бөленсе, жыл соңына дейін кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімді қабылдауға дайындықты аяқтау мақсатында құжат жобасы бойынша белсенді келіссөздерді жалғастыруға келісті.
Еуропа Кеңесінің Президенті Өзбекстанда коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу және пандемияның елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін азайту бойынша қабылданған бұрын-соңды болмаған шараларды жоғары бағалады және толық қолдады. Сонымен қатар Шарль Мишель Еуропалық Одақ Өзбекстанға осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы тұруда қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтып, осы мақсаттар үшін Өзбекстанға қаржылық және техникалық көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Сондай-ақ сұхбат аясында аймақтық маңызы бар мәселелер де талқыланды. Онда, Еуропа Кеңесінің Президенті Орталық Азияда орын алған үлкен оң өзгерістерді және достық пен сенімділіктің, тату көршілік пен серіктестіктің аймақ елдерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында қол жеткізілген деңгейлерін үлкен ықыласпен жеткізіп, бұл маңызды жетістіктер Еуропалық Одақтың Орталық Азия үшін жаңа стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келеді деп атап өтті.
Ең алдымен сауда, инвестиция, инновация, көлік және энергетика саласындағы бағдарламалар мен жобаларды алға жылжыту және тұрақты даму үшін белсенді ынтымақтастық арқылы бүкіл аймақтың өзара тәуелділігін нығайту маңыздылығы айтылды. Сол үшін жыл аяғында өңірлік ынтымақтастықты тереңдетудің басым шараларын әзірлеу бойынша көпжақты министрлер конференциясын өткізу туралы мәселе қаралады.
Телефондағы сұхбат аясында халықаралық маңызы бар бірқатар мәселелер және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар жоспарлары талқыланып, әңгіме соңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Еуропа Кеңесінің Президенті Шарль Мишель Өзбекстан мен ЕО арасындағы сындарлы сұхбат пен кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға ынталы екенін атап өтті.