Өзбекстан Президенті коммуналдық жобалар мен тарифтер жөнінде кеңес өткізді
Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен ауыз сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жақсарту, күзгі-қысқы маусымға дайындықты жеделдету мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті
Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 18 қыркүйекте ауыз сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жақсарту, күзгі-қысқы маусымға дайындықты жеделдету мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті.
Жиынды қазіргі бүкіл әлемге қауіп төндірген коронавирустық ахулдың нашар екендігімен бастаған Мемлекет басшысы елдегі жағдайға орай ең әуелі медицина мамандары мен мектеп оқытушыларын және 65 жастан асқан қарттарды тұмауға қарсы емдеу керектігін айтты.
Коммуналдық қызметтердің тұрақты жұмысы - бұл халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Сондықтан осы мәселе жөнінде 17 шілдедегі бейнеконференцияда саладағы проблемалар талқыланып, жұмысты жаңа тәртіпте ұйымдастыруға тапсырмалар берілген еді. Соған орай ауыз сумен жабдықтау және кәріз жүйесіндегі жобаларды дайындау, жүзеге асыру және бақылау, сондай-ақ тарифтерді жергілікті кеңестермен келісу тәртібі енгізілуде.
Жиында елдегі 27 ауданда ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі сынға алынып, қолданыстағы 70 мың шақырым су құбырының 32 пайызы ескіргендігі сөз болды. Соның нәтижесінде ондағы шығын көлемі 40-50 пайызды құрауда. Бұл дегеніміз жылына шамамен 500 миллион текше метр су немесе орта есеппен 300 миллиард сум. Бұдан бөлек, жергілікті насос жабдықтары мен арнайы жабдықтар жөндеу жағдайында тұр.
Сондықтан келесі жылдан бастап инвестициялық бағдарламаларға секторға бөлінген қаражаттың 10 пайызын су объектілеріне энергия үнемдейтін қондырғылар орнатуға және арнайы құралдарды сатып алуға бағытталуы керек екені айтылды.
Биылғы қыс маусымы біршама суық болатыны және температура жылдағыға қарағанда 2-5 градусқа төмендеуі күтілгендіктен, Министрлер кабинетіне аудандар мен қалалардағы нақты жағдайларға сүйене отырып, Ташкент қаласының 12 ауданы, Қарақалпақстан мен әр облыстың күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы бөлек шешімдер қабылдау тапсырылды.
1 қарашаға дейін жөндеуді қажет ететін 3 мыңнан астам көпқабатты үй күзгі-қысқы маусымға дайындалып, 131 әлеуметтік нысан түгел және 3 мыңына биыл жөндел міндеті қойылды. Медициналық және білім беру мекемелерінің дайындық жағдайы қарастырылды.
Сонымен қатар, биылғы күзг бен қысқы маусымға 6 миллион тонна көмір өнімі қажет екендігі айтылып, оларды сақтау және жеткізу шаралары белгіленді. Көмірді арзандату үшін оны импорттайтын кәсіпкерлерге теміржол көлігінде жеңілдіктер беру маңызды екендігі баса айтылды және Бас прокуратураға көмір бағасының негізсіз өсуіне, талан-таражға салыну сынды тірліктерді болдырмау үшін тиісті тапсырма берілді.




