Өзбекстан Президенті химия саласын реформалаудың перспективалық жоспарлары жөнінде жиын өткізді
Жиында «Ферғанаазот» АҚ-ның Қоңырат сода зауыты мен Диханабат калий тыңайтқыш зауытының мемлекет акцияларын инвесторларға сату мәселесі қозғалды
24 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев химия саласын реформалаудың перспективалық жоспарлары мен биылғы жылғы негізгі міндеттерді талқылауға арналған жиын өткізді.
Соңғы жылдары саланы модернизациялау, қаржылық-экономикалық сауықтыруды жақсарту және химиялық өнімдердің ассортиментін кеңейту бойынша көптеген шаралар қабылданған болып, саланың кірістілігін арттыру мақсатында нарықтық тетіктер енгізіліп, баға белгілеу тәртібі толығымен қайта қаралды.
Жиында саланы реформалау, кәсіпорындардың тиімділігі мен қуаттылығын арттыру бойынша міндеттері жайлы нақты тапсырмалар талқыға түсіп, саладағы әрбір кәсіпорынның қызметіне сыни талдау жала өнімнің сапасын жақсарту және энергияны үнемдеу арқылы шығындарды азайту жөнінде тапсырма берілді.
Химия саласындағы жаңа бағыттарды дамыту және шетелдік инвесторларды көптеп тарту қажеттілігі мен бірге тоқыма, құрылыс материалдары, автомобиль, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және фармацевтика өндірістеріне ерекше назар аударылды.
«Науаиызот» АҚ поливинилхлорид өндірісін жылдам уақытта жобалық қуатқа көтеру мен екінші кезеңді жобалау тапсырылды. Сонымен қатар «Ферғанаазот» АҚ-ның Қоңырат сода зауыты мен Диханабат калий тыңайтқыш зауытының мемлекет акцияларын инвесторларға сату мәселесі қозғалды.
Осы мәселелер жөнінде Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықта ғылыми-зерттеу институтын құру және Ташкент химия технология институтында мамандықтар мен оқу жоспарларын жетілдіру жөнінде тапсырмалар айтылды.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.