Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Халықаралық Солтүстік экономикалық ынтымақтастық форумына қатысты
13:41 / 2020-10-30

Сеул қаласында бейнеконференция түрінде өткен Екінші Халықаралық Солтүстік экономикалық ынтымақтастық форумы өтті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің ұсынысымен 30 қазанда Сеул қаласында бейнеконференция түрінде өткен Екінші Халықаралық Солтүстік экономикалық ынтымақтастық форумына қатысты.

Корея президенті Мун Чжэ Иннің бастамасымен өткен шараға Қазақстан, Түркіменстан және Моңғолия басшыларының қатысты.


Күн тәртібіне сәйкес, коронавирус пандемиясының жаһандық таралуының жағымсыз салдарын бірлесіп жою және халықаралық серіктестікті кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінгі жаһандағы күрделі ахуал мен глобалды дағдарыс жағдайында осы сынды көпжақты диалог жаңа қатерлер мен қауіптерге тиімді қарсы тұруға және мемлекеттеріміз тұрақтылығы, өркендеуі мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін баса айтты.

Осыған байланысты Өзбекстан Президенті халықаралық саясаттың маңызды аспектілері мен аймақтық ынтымақтастықтың келешегіне тоқталды.

Атап айтқанда, COVID-19-бен күресу жолында тығыз байланыс пен кең халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін айтты.

Негізгі бағыттар бойынша Корейлік компаниялармен бірлесіп құрылған фармацевтикалық кластер негізінде тиімді вакциналар, ауруды жылдам және дәл диагностика жасау жүйелерін әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Мемлекет басшысы Корея Республикасын Өзбекстанға цифрлық және «жасыл» технологияларды әкелуде басты серіктестердің бірі деп санайтынын баса айтып, Өзбекстан келесі жылы Сеулде өтетін «Жасыл» даму және 2030 жылға дейінгі жаһандық мақсаттар үшін серіктестік халықаралық саммитіне белсенді қатысатыны жеткізді.

Президент Шавкат Мирзияев Президент Мун Чжэ Иннің Корея түбегіндегі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі белсенді күш-жігерін аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қосқан маңызды үлесі ретінде қолдайтындығын айтты.

Тәжірибе алмасу мақсатында ядролық қарусыздану, ядролық қарудан азат аймақтарды құру мәселелері бойынша халықаралық сарапшылар форумын өткізу ұсынысы тасталды.

Мемлекет басшысы өз сөзінің соңында, Өзбекстан мен Оңтүстік Корея ерекше маңызға ие, сенімді стратегиялық серіктестер екенін және біздің қатынастарымыздың бірнеше мың жылдық тарихы бар екенін айтып, осы форум бүкіл өңірдегі бейбітшілік пен өркендеу жолында елдеріміздің ұзақ мерзімді және көп қырлы ынтымақтастығын дамытудың жаңа перспективаларын ашатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сөз сөйледі, ал Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулганың үндеуі оқылды.