Өзбекстан Президенті электронды үкіметті енгізу мәселелері бойынша жиын өткізді
Оқушылары «Бір миллион бағдарламашы» курсын сәтті аяқтаған мектеп мұғалімдері үшін марапат берілетін болады
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 22 қыркүйекте өнеркәсіпте және аймақтарда цифрлық экономика мен электронды үкіметті енгізу мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өтті.
Бүгінгі жиында цифрлық жүйеде жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар мен осы жылдың қорытындылары және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жобалар талқыланды.
-Жүйе мен аймақ басшылары цифрландырусыз нәтиже, даму болмайтынын түсінуі керек. Барлық деңгейдегі басшылар мұны өзіне күнделікті міндет ретінде қойып, цифрландыру саласын бастан бастап үйренуі керек, - деді Шавкат Мирзияев.
Осыған орай жыл соңына дейін әр бір жүйе мен аймақ көшбасшысы цифрлық экономикаға түбегейлі өзгерістер енгізуі керек деп айтылды. Президент осы жаңартуларды азаматтар өмірінде сезінуі керек, соның негізінде бюрократия мен сыбайлас жемқорлық азайып, мемлекеттік қызмет көрсету біршама жақсаратынын жеткізді.
Аудан және қала әкімдері айына 2-3 күн цифрландырумен жеке айналысады деп жоспарланды. Олардың қызметі аймақтағы цифрландыру деңгейіне сәйкес бағаланады. Осы салада жақсы нәтиже көрсеткен көшбасшылар 30 пайызға дейін ынталандыру беріледі.
Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігіне биыл анықталған 14 аудандағы әлеуметтік мекемелерді толығымен цифрландыру және оларды қалған аймақтарға модельдеу тапсырылды.
Мемлекеттік салық комитетіне карьерлерді пайдалану кезінде «көлеңкелі экономиканы» жою, соның ішінде жер аумағын қазуды, жүк көлемін және көліктердің әрекетін бақылайтын электронды жүйені енгізу тапсырылды.
Халықтың білім министрлігі мен Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігіне биыл 14 мамандандырылған мектеп, келесі жылы 82 мектеп ашу міндеті тапсырылды.
Ташкент ақпараттық технологиялар университетінде және IT-парктерде ақпараттық технологиялар мұғалімдерін даярлау мен сертификаттаудың ұлттық жүйесін енгізудің маңыздылығы айтылып, біліктілік сертификатын алған мұғалімдерге ай сайын 50 пайыздық қосымша ақы төленетін болды. Сондай-ақ оқушылары «Бір миллион бағдарламашы» курсын сәтті аяқтаған мектеп мұғалімдері үшін марапат берілетін болады.



