Өзбекстан Президенті БАӘ басшылығына құттықтау жедел хатын жолдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа ибн Заид Әл-Нахайян, Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-Министр Шейх Мұхаммед ибн Рашид Әл-Мактум және Абу-Даби әмірлігі ханзадасы БАӘ Қарулы Күштер Бас қолбасшысының орынбасары Шейх Мұхаммед ибн Заид Әл-Нахайянды ұлттық мереке - Біріккен Араб Әмірліктерінің тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.