Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиев Қазақстанның Тұңғыш Президентін мерейлі жасымен құттықтады
17:46 / 2020-07-06

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 шілде күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасыны бүгінгі туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және табыстар тіледі.

Елбасының заманауи Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі, оның тарихындағы ең күрделі кезеңінде ел егемендігін және тәуелсіздігін нығайтудағы маңызды рөлі мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы жемісті реформалары жөнінде сөз болып, сәтті бастамаларының бірі ретінде бүгінгі күнгі Қазақтанның астанасы «Нұр-Сұлтан» қаласының негізі қаланғаны айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және түрлі аймақтардағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу, Орталық Азиядағы интеграцияны нығайту, тұрақты дамуға қол жеткізу жөніндегі бастамалары халықаралық қауымдастықтың кең қолдауына ие болды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елдеріміз арасындағы бауырластық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікті нығайтуға орасан үлкен үлес қосты. Бүгінгі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастық сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім беру және басқа да басым бағыттардағы нақты бірлескен бағдарламалар мен жобалардың арқасында дамып, кеңеюін жалғастыруда.

Әнгіме барысында тараптар екіжақты және халықаралық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, қазіргі күнгі өзекті болып тұрған коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу және пандемияның өзара тиімді ынтымақтастыққа кері әсерін азайту үшін тығыз үйлестіру мен серіктестіктің маңыздылығы қажет екенін айтты.

Сұхбат әдеттегідей көңілді әрі шынайы, достастық рұхта өтті.