Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентімен телефон арқылы сөйлесті
16:14 / 2020-06-22

Сұхбат басында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тез арада сауығып кетуі мен мықты денсаулық тіледі


22 маусымда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Сұхбат басында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тез арада сауығып кетуі мен мықты денсаулық тіледі.

Әнгімелесу барысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан екіжақты қатынастар мен экономикасына пандемияның кері әсерін азайту бойынша екі ел үкіметі тарапынан бірге қабылдаған шараларды талқылап, осыған байланысты күш-жігерді үйлестіруді одан әрі күшейту маңызды екендігін мақұлдады.

Сан ғасырлық достық пен тату көршілік және стратегиялық серіктестік қағидаттарына негізделген Өзбекстан - Қазақстан практикалық ынтымақтастығы кеңейіп келе жатқаны қанағаттанушылықпен айтылды. Сонымен қатар бүгінде өзара тиімді қатынастардың басым бағыттары бойынша бірлескен жобалар жүзеге асырылуда және ондаған жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздейтін өнеркәсіптік кооперацияны нығайтудың «жол картасы» жасалды.

Байланыс соңында екі елдің көшбасшылары Өзбекстан мен Қазақстан халықтарына бейбітшілік пен ынтымақтастық тілеп, алдағы кездесулер мен түрлі шаралардың жоспарлары туралы пікір алмасты.