Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Түркіменстанға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Маслихатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен 22 тамыз күні жұмыс сапармен осы елге барады.
Мемлекет басшысы «Аваза» ұлттық туризм аймағында өтетін «Әзербайжан – Түркіменстан – Өзбекстан» форматындағы саммит шараларына қатысады.
Өзбекстан басшысы саммит аясында екіжақты келіссөздер де өткізеді.