Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға барады
20:23 / 2025-06-16

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев 17 маусым күні Қытай – Орталық Азия форматындағы екінші саммитке қатысу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астана қаласына жұмыс сапарымен барады.

Іс-шараға аймақ елдерінің басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысады. Саммит аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған. Саммит қорытындысында бірлескен құжаттар қабылдануы көзделген.

Шара шеңберінде Өзбекстан Президенті Қытай Төрағасымен екіжақты кездесу өткізеді.

Айта кетейік, бұл форматтағы алғашқы саммит 2023 жылдың мамыр айында Қытайдың Сиань қаласында өтіп, Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған болатын.