Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті жұмыс сапармен Бейжіңге барады
22:50 / 2023-10-16

Самарқандтағы іс-шаралар бағдарламасы аяқталғаннан кейін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 16 қазанға қараған түні Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен осы елге жұмыс сапармен аттанды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы Бейжіңде өтетін «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумына қатысады. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөздер және басқа да екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.