23 сәуірде шет елдердің Өзбекстанда жаңадан тағайындалған елшілері тарапынан сенім грамоталарын тапсыру шарасыөтті.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бангладеш Халық Республикасы Елшісі Мұхаммед Джахангир Алам, Чехия Республикасы Елшісі Вацлав Йилек, Египет Араб Республикасы Елшісі Амира Фахмий, Иордания Хашимилер Корольдігінің Елшісі Демия Зухайр Хаддод, Түркия Республикасы Елшісі Олган Бекар Ееуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы Шарлотта Адриан мен Ресей Федерациясының Елшісі Олег Мальгиновтен сенім грамоталарын қабылдап алды.
Салтанатты шара басында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған елшілерді Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен шын жүректен құттықтады.
Өзбекстанның шет елдермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға, өзара тиімді ынтымақтастық пен практикалық серіктестікті кеңейтуге үлкен мән беретіні атап өтілді.
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы айта отырып, Өзбекстан Президенті Орталық Азия аймағындағы елдермен және әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастық тұрақты түрде нығайып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Өзбекстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, ТМД, ШЫҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, Түркі Кеңесі және басқа да ықпалды құрылымдар шеңберінде тығыз диалогты жалғастырып, көпжақты қатынастарды дамытып, әлемдік қаржы институттарымен серіктестік қатынастарды кеңейтуде.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған елшілердің елдерімен ауқымды және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың келешегіне тоқтала тұрып, олармен қысшақа сұхбаттасты.
Дипломаттар жылы қабылдауға және тиімді жұмыс үшін жасалған жағдайға ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қатынастарды барлық бағытта дамытуға күш салатындықтарын мәлімдеді.







