Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қытай Төрағасымен кездесті
11:10 / 2019-04-25

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Қытайға сапары 25 сәуір күні таңертең Бейжің қаласында Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин мен кездесуден басталды.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Қытайға сапары 25 сәуір күні таңертең Бейжің қаласында Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин мен кездесуден басталды.

Қытай басшысы Шавкат Мирзияевтің «Бір белдеу, бір жол» атты екінші халқаралық форумына қатысу ҚХРге келгенімен құттықтады. Си Цзиньпин Қытай Өзбекстан мен қарым-қатнастың бүгінгі жағдайын жоғары бағалайтынын сонымен мемлекеттеріміз арасында әртүрлі стратегиялық әріптестік байланыстарын одан әрі нығайтуға ұмтылатынына тоқталды.

Шавкат Мирзияев халқаралық форумға арнайы шақырғаны үшін алғыс айтып, аталған форумның екі жақтық және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуда өте маңызды екенін атап өтті.

Шавкат Мирзияев Си Цзиньпинді және халқын жасқындасып келе жатқан маңызды дата - Қытай Халық Республикасы құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтады.

fce0e2c2_43bd_f2d0_84d7_9855ab222b67.jpg

-Құрметті Президент, Сізді алғашқы форумда да, қатысқаныңызды құрметпен еске аламын. Сол секілді, Сізді «Бір белдеу, бір жол» атты халқаралық форумының негізін қалаушылардың бірі ретінде есептейміз, - деп айтты Си Цзиньпин. – Өзбекстанның аталған форумға деген көзқарасы мен қатысуы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая түскендігінің дәлелі. Екі жақтық көптеген келісімдер орнап және олар жылдам орындалуды. Мен Өзбекстан мен Қытай арасындағы қарым-қатнастардың болашағы жарқын екеніне сенемін. 

85befc52_5017_877f_1cd9_f951130339f2.jpg

Кездесу барысында сауда айналымын әрі қарай кеңейту және әртараптандыру мәселелері талқыланды және соңғы жылдары екіжақты сауданы 10 млрд долларға жеткізуге келісілді. Өзбекстан экономикасына инвестициялық, инновация және технологияларды тарту саласындағы жаңа бірлескен жобаларды дамыту жұмыстарына, түрлі салаларда әріптестікті нығайту бойынша жобалар дайындау, аймақтың транзиттік және көлік-коммуникациялық әлеуетті дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларына ерекше назар аударылды.

9da81286_dd5a_3f1d_d6be_77e99192347c.jpg

Шавкат Мирзияев Өзбекстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын толықтай қолдауын және оның кеңінен жүзеге асырылуына өз үлесін қосуына дайын екенін жеткізді.

Қытай басшысы осы саладағы Өзбекстанның қатысуы мен бастамаларының Қытай мен Өзбекстан және Орталық Азия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуге қызмет ететініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Шавкат Мирзияев Си Цзиньпинді, Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. 

41f506b1_f9cb_3f61_e9ca_aa1c416fb3ff.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.