Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті халықаралық консультанттармен кездесті
18:55 / 2021-03-23

Өзбекстан Республикасы Президенти Шавкат Мирзияев 23 наурызда халықаралық консультанттар Альфред Гузенбауэр, Александр Квасьневский және Штефан Фюлені қабылдады.

Халықаралық консультанттар тобының басты міндеті - Өзбекстан мен ЕО арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту және кеңейтуге, реформалар бағдарламаларын жүзеге асырудағы озық тәжірибелерді зерделеу және енгізуге, инвестициялық және іскерлік ортаны жақсартуға, Өзбекстан экономикасына тікелей инвестициялар мен алдыңғы қатарлы технологияларды тартуға, Еуропалық іскер топтармен серіктестіктің тиімді механизмдері мен тетіктерін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған.

2000 жылдары Австрияның Федералды канцлері қызметін атқарған Альфред Гузенбауэр «Gusenbauer Projektentwicklung & Beteiligung» консалтингтік компаниясының негізін қалаушы болып табылады. Польша президенті болған Александр Квасьневский «Amicus Europae» қорының басшысы. Бүгінде «CITIC Europe Holdings» кеңесшісі болып қызмет ететін Штефан Фюле ЕО-ның кеңейту және тату көршілік саясаты жөніндегі комиссары қызметін сәтті атқарған.

Кездесуде тараптар елді реформалау мен институционалды дамытудың өзекті мәселелері бойынша ашық және сындарлы пікір алмасты.

Қонақтар Өзбекстандағы жаңару бағдарламаларын жоғары бағалап, толықтай қолдады. Атап айтқанда, коронавирус пандемиясымен байланысты күрделі жағдайларда жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясаттың жетістіктері мен нақты нәтижелері, сондай-ақ Өзбекстанды әлемдік және аймақтық экономикалық процестерге интеграциялау бойынша айтарлықтай күш-жігер туралы әңгіме болды.

Консультанттардың Өзбекстандағы экономикалық реформалардың ұзақ мерзімді стратегиясын дайындау, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, елдің шетелдік серіктестермен өзара тиімді байланыстарын кеңейту туралы ұсыныстары қаралды.

Бүгінгі жүздесуде сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жақсарту және оның ашықтығын арттыру, нарықтық механизмдерді кеңінен енгізу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру, банк-қаржы секторы мен капитал нарығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өзбекстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейін ұстап тұру, өзара тиімді қатынастарды нығайту және оларды практикалық мазмұнмен байыту, кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жедел түрде қабылдау және Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау мәселесі басым мәнге ие екені айтылды.

Кездесу соңында тығыз ынтымақтастық пен белсенді алмасуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізіліп, жақын арадағы практикалық ынтымақтастықтың алғашқы кезектегі міндеттері мен форматы келісілді.