English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Тәжікстан Премьер-Министрін қабылдады
15:46 / 2021-05-14

14 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бірлескен Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына қатысу үшін Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзоданы қабылдады.

Кездесуде Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы көпжақты практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, достықты, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы екі ел басшыларының саяси ерік-жігері мен табанды күш-жігерінің арқасында қол жеткізілген ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейін үлкен ризашылықпен атап өтті.

Кохир Расулзода Өзбекстан Президентіне жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтты және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, кездесу барысында сауда, машина жасау, энергетика, тау-кен, ауылшаруашылығы, тоқыма, көлік, туризм және денсаулық сақтау салаларындағы перспективалық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. 

Тәжікстан Премьер-Министрі екі ел басшыларының алдағы саммитіне бірлесіп түрлі деңгейде дайындалуға, сонымен қатар бауырлас елдер мен халықтар арасындағы кең серіктестікті нығайтуға бар күш-жігерін салатындығын айтты.