French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Тәжікстан басшысы мен халқын тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады
20:14 / 2021-09-08

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 8 қыркүйекте Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы сұхбат басында Тәжікстан Президенті мен халқын Тәжікстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап, оларға бейбітшілік, үлкен жетістіктер мен өркендеу тіледі.

Тараптар Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы, әсіресе сауда-экономикалық саладағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Президенттер осы жылдың 16-17 қыркүйегінде Душанбеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарастырып, Ауғанстандағы орын алып жатқан жағдайға қатысты пікір алмасты.

Алдағы өтетін ШЫҰ саммиті аясында Мемлекет басшылары екіжақты және аймақтық мәселелер бойынша бөлек кездесу өткізуге келісті.