Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті түркімен халқының ұлттық көшбасшысымен кездесті
12:15 / 2023-08-04

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ашхабад қаласына келгеннен соңғ Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді.

Кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқаны, екі елдің стратегиялық серіктестігі тұрақты нығайып келе жатқаны атап өтілді.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл және су шаруашылығы, көлік және басқа да басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастық кеңейіп жатқаны айтылды.

Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша да пікір алмасып, алдағы іс-шаралар жоспарын қарастырды.