Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Түркия Ішкі істер министрін қабылдады
19:31 / 2022-07-28

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 28 шілде күні елімізде іс сапармен жүрген Түркияның Ішкі істер министрі Сулейман Сойлуды қабылдады.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде құқық қорғау және қоғамдық қауіпсіздік салаларындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды.

Кездесу басында министр Сүлейман Сойлу Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысына сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Түркия тарапы күш-жігерді тиімді үйлестіру және қауіпсіздікке төнген заманауи қауіп-қатерлерге қарсы күресу мақсатында жүйелі ведомствоаралық әріптестік орнатуға дайын екендігі атап өтілді.

Сұхбат барысында тиімді диалог, ақпарат алмасу және озық тәжірибені үйренуді жалғастыру, ұйымдасқан қылмысқа, оның ішінде киберкеңістікке, терроризмге, діни экстремизмге, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күресте бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.