Өзбекстан Президенті Түркия Президентіне хат жолдады
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға хат жолдады.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов телеграм арнасында хабарлады.
«Сізге, қымбатты бауырым және жұбайыңыз Эмине Ханымның коронавирусқа шалдыққаныңыз туралы хабарды қатты алаңдаушылық және үлкен уайыммен қабылдадым»,- делінген хатта.
Мемлекет басшысы Түркия Президенті мен оның жұбайының тез арада індетті сәтті жеңіп, сауығып кететініне сенім білдіріп, оларға зор денсаулық, күш-қуат және жаңа жеңістер тіледі.