Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Түркия делегациясымен кездесті
18:57 / 2021-07-16

16 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте өткен халықаралық конференция аясында Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлыны қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы Түркиямен қарым-қатынастардың жемісті және серпінді рухын ерекше ықыласпен атап өтті. Екі ел басшыларының арасындағы тұрақты диалог екіжақты ынтымақтастықты нақты мазмұнмен байыта отырып, достық пен стратегиялық серіктестік байланыстарын нығайтуға қызмет етуде.

Мевлют Чавушоғлы Өзбекстан Президентіне Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемі мен шынайы тілектерін жеткізді.

Кездесуде Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысын дайындау мен өткізуге баса назар аударылды.

Тараптар аймақтық күн тәртібі, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай туралы пікір алмасып, осы елде тұрақты бейбітшілікке жету және оның экономикасын қалпына келтіру үшін тығыз жұмыс істеу маңызды екендігі баса айтылды.