English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады
20:49 / 2023-03-14

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 15-16 наурызда Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға барады.

Кезектен тыс саммиттің күн тәртібіне сәйкес төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық көмек көрсету саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою бойынша күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар, саммит барысында халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болады.

Сапар барысында саммит аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, биыл Өзбекстан Республикасы Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етуде. Самарқанд саммитінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес сауда, «жасыл» экономика, инвестиция, инновация, көлік, логистика, ғылым, білім және мәдени-гуманитарлық алмасу салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған 30-дан астам көпжақты іс-шаралар өткізілуде.