Өзбекстан Президенті Ташкент қаласы көшелерінде «бокс стрит» салу жобасымен танысты
Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласының айналма жолы бойында «бокс стрит» салу жобасымен танысты.
Жол бойында құрылатын мұндай кешендер әлемдік тәжірибеде бар. Онда тәулік бойы жұмыс істейтін сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету орындары болады. Оларды арзан әрі тез салу үшін жүк контейнерлері қолданылуда.
Бұл жұмыстарға 7 гектар жер бөлу жоспарланған. Нысандар кәсіпкерлерге электронды онлайн аукцион арқылы сатылады. Олар 500-ден астам жұмыс орнын ашады деп күтілуде.
Президент Ташкент қаласында қатнауы жолға қойылған электробусты да көрді. «Жасыл» көлік жүйесін дамыту, метрополитеннің келесі кезеңдері мен трамвай бағытын анықтау бойынша нұсқаулар берілді.




